Сәтбаевта Кеншілер мен байытушылар күніне орай үлкен мерекелік концерт өтті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Ақтауда катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты

Ақтауда катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
Фото: видеодан скриншот

Ақтауда Каспий теңізінде серуендеп жүрген катер жартасқа соғылып, салдарынан екі адам көз жұмды. Қайғылы оқиға 30 тамыз күні кешкі сағат 22:56 шамасында 5А шағынауданы маңында болған, деп хабарлайды kznews.kz.

Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, катерде барлығы жеті адам болған. Оқиғадан кейін құтқарушылар бес адамды жағаға шығарып, медицина қызметкерлеріне тапсырған.

Алдын ала мәлімет бойынша, қаза тапқан екі адам құтқару кеудешесін кимеген. Іздестіру жұмыстары кезінде олардың денелері жағадан шамамен 500 метр қашықтықтан судан шығарылды.

Апат орнына ТЖД-ның 35 қызметкері, төрт арнайы техникасы және төрт жүзу құралы жұмылдырылды. Сонымен қатар оқиғаға полиция, Апаттар медицинасы орталығының мамандары мен жедел жәрдем қызметкерлері тартылды.

Катердегі бес адамның төртеуінен түрлі дене жарақаты анықталған. Үшеуі жансақтау бөліміне жатқызылып, қазіргі таңда жағдайлары ауыр деп бағаланып отыр. Тағы бір зардап шеккен адамның жағдайы тұрақты. Бесінші жолаушыға медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілді.

Қазір оқиғаның нақты себептері мен барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.