"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Ақтауда апатқа ұшыраған Әзербайжан ұшағына қатысты ел күтпеген тың дерек шықты

Ақтауда апатқа ұшыраған Әзербайжан ұшағына қатысты ел күтпеген тың дерек шықты
ТЖМ

Ақтаудағы AZAL әуе компаниясына тиесілі ұшақ апатына байланысты тергеу жұмыстары екі бағыт бойынша жүргізіліп жатыр. Бұл туралы вице-премьер Қанат Бозымбаев Мәжіліс кулуарында мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Бозымбаевтың сөзінше, істің бір бөлігі қылмыстық тергеуге қатысты. Бұл бағыт бойынша Қазақстан Бас прокуратурасы Ресей тарапымен бірлесіп жұмыс істеп жатыр.

Екінші бағыт – техникалық зерттеу. Оны Көлік министрлігі жүргізуде.

"Көлік министрлігі тергеудің соңғы кезеңіне жақындады. Қазіргі кезде біз лицензия иелерінен және аэронавигациялық технологияларға жауапты компаниялардан түпкілікті қорытындыны күтіп отырмыз. Министрлік биыл немесе келер жылдың басында осы жұмыстарды аяқтауға дайын", – деді Бозымбаев.

Ол сонымен қатар Бас прокуратура желісі бойынша да ілгерілеу бар екенін атап өтті.

"Генпрокуратурамен тығыз байланыс орнатылған. Бұл мәселеге қатысты көрші елдердің басшылары да түрлі мәлімдеме жасады. Сондықтан келесі жылы қылмыстық тергеудің де аяқталуына үміт бар", – деді вице-премьер.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер