Әлем

"Бортта 20 адам болған" – Апатқа ұшыраған ұшақ туралы ел естімеген тың мәлімет айтылды (ВИДЕО)

"Бортта 20 адам болған" – Апатқа ұшыраған ұшақ туралы ел естімеген тың мәлімет айтылды (ВИДЕО)
ВВС

Әзербайжаннан ұшып шыққан Түркияның C-130 әскери-көлік ұшағы Грузия аумағында құлағаны ресми түрде расталды, деп хабарлайды kznews.kz.

Грузия Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, апат Әзербайжан шекарасынан небәрі бес шақырым қашықтықта болған. Ұшақ радардан жоғалар алдында ешқандай дабыл белгісін бермеген.

Түркия Қорғаныс министрлігі таратқан ақпаратқа сәйкес, іздестіру-құтқару жұмыстары Грузия билігімен бірлесе жүргізілуде. Бортта барлығы 20 түрік әскери қызметкері, соның ішінде экипаж мүшелері болған.

Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған бұл қайғылы хабарды зор күйзеліспен қабылдап, қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтты. Ал Әзербайжан басшысы Ильхам Әлиев те Түркия халқына көңіл білдіріп, апатқа ұшыраған ұшақтың Гянджа қаласынан ұшып шыққанын мәлімдеді.

Түркия Ішкі істер министрі Али Ерликая әлеуметтік желідегі мәлімдемесінде Грузия ІІМ басшысы Гела Геладземен телефон арқылы сөйлескенін, және грузиялық құтқарушылардың да апат орнына аттанғанын хабарлады.

Lockheed C-130 Hercules – орта және ұзақ қашықтыққа арналған америкалық Lockheed Martin компаниясы жасаған әскери-көлік ұшағы. Төрт турбовинтті қозғалтқышпен жабдықталған бұл ұшақ әскери жүктер мен жеке құрамды тасымалдауға, сондай-ақ эвакуациялық операцияларда қолданылады. Ол тіпті топырақ немесе қысқа ұшу-қону жолақтарына қона алатындығымен ерекшеленеді.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz