Ақтау қаласында жұмыспен қамту және қоғамдық бағдарламалар орталығында АӘК-ті беру кезінде жаппай төбелес орын алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әйелдердің жаға жыртысы түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарап кетті.
Видео авторының сөзінше, бірнеше әйел АӘК алып жатқан кезде бір-бірімен жанжалдасып, артынша төбелесіп кеткен. Орталықта балаларға арналған азық-түлік таратылып жатқан.
"Әйелдер мүгедек балалары мен емшектегі сәбилерін тастап осында келуге мәжбүр. Мемлекетке дәл осындай таусылмайтын үш кезектен кейін атаулы әлеуметтік көмекпен қамтасыз етіп отырғанына мың да бір алғыс", - депті видео авторы.
Бұл туралы орталықтың жетекшісі Гүлнәр Қайырлиева сөз қозғады.
"Жәрдем тағайындауда ұрыс-керіс болмайды. Тек сол күні екі әйел келіспей қалған", -деді ол.
[embed]https://www.youtube.com/watch?v=SjDJGeLd1V0[/embed]
Бұған дейін еліміздің бірнеше өңірлерінде АӘК-ті кері қайтармаймыз деп аналар бас көтерген еді.
stan.kz