Жоғарғы аудиторлық палата: Ұлттық қордың қаржысы көшет сатып алуға жұмсалған
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Ақтау тұрғынын аулада атып кетті

Ақтау тұрғынын аулада атып кетті

Жарақат алған ер адам бірден ауруханаға жеткізілді. Алайда есін жимастан көз жұмғаны хабарланып отыр


Ақтаудың 5-ші ықшам ауданындағы аулалардың бірінде ер адамды атып кетті.

Қалалық полиция басқармасының кезекші пультіне 9 қыркүйек күні сағат 19.55-те қоңырау түскен. Оқиға орнына тәртіп сақшылары жетті.

Маңғыстау облысы полиция департаментінің ақпаратына сәйкес, күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды жергілікті "Лада" басылымы.

Жарақат алған ер адам бірден ауруханаға жеткізілді. Алайда есін жимастан көз жұмғаны хабарланып отыр.

Оқиға Қылмыстық кодекстің 99-бабы ("Адам өлтіру") бойынша Ақтау полиция басқармасының сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне енгізілді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

sputniknews.kz


Автор
Айбар