Риддер қаласының тұрғындары үшінші күн қатарынан пәтерлерінде жылу жоқтығын айтып отыр
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

АҚШ ұшағы Украинаның оңтүстігінде жоспарланбаған барлау жасады

АҚШ ұшағы Украинаның оңтүстігінде жоспарланбаған барлау жасады

Керш бұғазындағы жағдайға байланысты АҚШ және оның өзге де одақтас мемлекеттері Украина шекарасынан жоспарланбаған ұшақ ұшырды. Бұл туралы Пентагон хабарлап отыр.

Пентагонның мәлімдеуі бойынша, Ресей ешқандай желеусіз украиналық кемелерге оқ жаудырып, Қара теңіз арқылы Керш бұғазын кесіп өтпек болған сарбаздарды тұтқындаған. Дәл осы әрекетімен Ресей өзінің агрессиялық басымдылығын көрсеткісі келуі мүмкін деп жорамалдады.

Бұдан бөлек, АҚШ Ресей Федерациясымен ынтымақтастықты жақсартқысы келетіндігін де мәлімдеп, бірақ оның Украинадағы жағдайға байланысты алдағы уақытта орындалмайтындығын да кесіп айтты.

Естеріңізге сала кетейік,  АҚШ-тың OS-135B ұшағы Украина шекарасында жатқан Қрымның солтүстік бөлігін ұшақ арқылы бағдарлаған болатын. Соңғы ақпараттарға сүйенсек, барлау ұшағы аталған аймақтан қауіпті мекендерді байқамаған.  Сонымен бірге Қара теңіз аймағынан Американың радио барлаушы EP-3E Aries II ұшағы да пайда болғандығы анықталды. Қазіргі таңда Грекияның Крит аралындағы әуе базасынан ұшқан ұшақ барлық теңіз аумағын барлау жұмыстарымен айналысуда.

"The Qazaq Times"

Автор
KZNEWS

Қазақстан және әлем жаңалықтары