Серік Сәпиев орынбасарымен болған жанжалдың нақты себебін ашып айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

АҚШ Түркияға «Patriot» зымыран жүйесін сататын болды

АҚШ Түркияға «Patriot» зымыран жүйесін сататын болды

АҚШ Түркияға «Patriot» зымыран жүйесін сататын болды.

«Аnadolu» ақпарат агенттігінің мәліметінше, АҚШ мемлекеттік департаменті Түркияға «Patriot» зымыран жүйелерін сатуға байланысты құжатты мақұлдаған.

Агенттік таратқан ақпаратта: «АҚШ мемлекеттік департаменті Түркияға «Patriot» зымыран жүйелеріне арналған 80 дана МІМ-104Е зымырандары мен 60 дана РАС-3 зымырандарын сатуға рұқсат берді» - делінген. Келісімшарттың жалпы құны 3,5 миллиард долларды құраған.

Бұған дейін БАҚ беттерінде АҚШ пен Түркия «Patriot» зымыран жүйесін сатуға байланысты келіссөздер жүргізіп жатқандығы жөнінде ақпарат тараған.

Жалпы, Ресми Уашингтон Анкараның Ресейден С-400 зымыран жүйесін сатып алуға қарсы. Сарапшылар пікірінше, «Patriot» зымыран жүйесі Ресейдің С-400 жүйесін алмастыратын болады және НАТО әскери блогының әскери қуатын арттыруға көп септігін тигізеді.

"The Qazaq Times"

Автор
Мадияр