Ант па, әлде бәс пе? Мемлекеттік қызметті құмар ойынға айырбастағандар
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

АҚШ Ресей азаматын 55 жылға соттамақ

АҚШ Ресей азаматын 55 жылға соттамақ

АҚШ билігі Ресейдің Вашингтондағы елшілігіне ресейлік Александр Винникті қамауға алу туралы шешім қабылдағанын хабарлады.  Бұл туралы дипломатиялық өкілдікте айтылды, - деп хабарлайды Интерфакс.

Елшілік Винниктің ісін бақылкп жүргендерін және оған кез келген консулдық және заңгерлік көмек көрсетуге дайын екеніне сендірді. 

«Таңертең Америка билігінен ресейлік азаматтың қамауға алынғаны туралы ақпарат түсті.  Оның орналасқан жері және онымен жұмыс істейтін адвокаттары туралы ақпарат Мемлекеттік департаменттен алынды», - деді Ресей елшілігі.

Бұған дейін Винниктің грек адвокаты Зое Константопулоу Грекияға келгеннен кейін жоғалып кеткенін хабарланған. Оның айтуынша, ол клиентімен бірге алты сағаттан астам Афина әуежайының полиция бөлімінде болған.  Екі жарым сағат бойы күш қолданып тоқтатуға тырысқан полицейлердің кесірінен адвокат оған әрең жеткен.

Жақында Грецияның Винникті АҚШ-қа экстрадициялау ниеті белгілі болды. АҚШ-та Ресей азаматы 55 жылға дейін бас бостандығынан айырылып, бірнеше миллион доллар айыппұл төлеуі мүмкін.

Ақпарат: lenta.ru, фото: ашық ақпарат көздерінен

Автор
Айбар