"20 млн теңгеден сәл асады": Энергетика министрі табысы қанша екенін айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

АҚШ пен Израиль ЮНЕСКО құрамынан шықты

АҚШ пен Израиль ЮНЕСКО құрамынан шықты

АҚШ пен Израиль ресми түрде ЮНЕСКО құрамынан шықты. Бұл туралы cdn.news хабарлады.

Енді қос мемлекет те ЮНЕСКО-ға жарна төлемейді және ұйым комитетіне сайлана алмайды. Бірақ, бұл серіктестікке нүкте қойылды деген сөз емес. АҚШ ұйымда тұрақты бақылаушы ретінде қалуды жоспарлап отыр.

2011 жылдан ЮНЕСКО құрамына Палестина автономиясы қабылданғаннан бастап АҚШ пен Израиль ұйымның бұл әрекетіне түбегейлі қарсылық білдірген. Ресми Уашингтон ЮНЕСКО-ны «Израильге қарсы бағыт ұстанады» деп айыптап, 2017 жылы ұйым құрамынан шығатынын жариялаған болатын. Ал Израиль ЮНЕСКО Палестинаны қолдаушы деп бірнеше мәрте айып тақты.

1945 жылдан бері жұмыс істейтін ЮНЕСКО – БҰҰ-ның білім ғылым, мәдениет және білім беру саласын қадағалайтын ұйым.

"The Qazaq Times"

Автор
Бауыржан