«Қайран менің өз үйім»: қазақтың арманы неге қымбаттап барады?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

АҚШ федералды соты инаугурация қаржысына байланысты тергеу жұмыстарын бастады

АҚШ федералды соты инаугурация қаржысына байланысты тергеу жұмыстарын бастады

Нью-Йорктың федералды прокуратурасы АҚШ президенті Дональд Трамптың инаугурация салтанатына жиналған қаржаттың заңды жұмсалғандығына күмәнмен қарап, тексеру жұмыстарын бастады.    

Қазіргі таңда АҚШ прокуратурасы кейбір демеушілердің бөлген қаражаты саяси тұрғыда белгілі бір қызметпен айырбасталуы мүмкін деп жорамалдап отыр. Себебі, коммерциялық емес ұйымдардың инаугурацияны қаржыландыруы федералды заңның бұзылуы болып табылады. Тергеу жұмыстарының қазіргі нәтижесі бойынша, Трамптың адвокаты Майкл Коэннің де аталған іске қатысы бар екендігі туралы дәлелдер табылған.

Алайда, инаугурация ұйымдастырушылары салтанатты жиынның қаражаты толығымен заң талаптарына сай жұмсалды деген ақпаратты алға тартып отыр.

«Ұйымдастырушылар қандай да бір тергеу жүріп жатқандығы туралы ақпараттан бейхабар. Бірде-бір прокуратура орындарымен байланыс жасалмады» деп өз мәлімдемелерін жеткізген.

Естеріңізге сала кетейік, соңғы уақытта АҚШ сенаты мен президенті Дональд Трамп арасында қарама-қайшылықтар орын алуда. Сонымен бірге, Сенат мүшелері Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммед бин Салманның журналист Жамал Хашоггидің ісіне қатысы бар екендігін жасырып қалғандығын алға тартып отыр.

“The Qazaq Times”

Автор
Мадияр