Қаржы саясаты мен несие "ноу-хауы": халық кедей, банктер бай...
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

АҚШ Иранның келесі көшбасшысын таңдауға қатысуы керек – Трамп сұхбат берді

АҚШ Иранның келесі көшбасшысын таңдауға қатысуы керек – Трамп сұхбат берді
АҚШ президенті Дональд Трамп. Таяу Шығыс қақтығысы. Фотоиллюстрация Kznews.kz

АҚШ президенті Дональд Трамп Reuters агенттігіне берген сұхбатында Вашингтон Иранның болашақ көшбасшысын анықтау процесіне қатысуы тиіс екенін мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Оның айтуынша, АҚШ Иранда билікке келетін адамның елді тұрақтылыққа бастауын қалайды. Трамп Иранның келесі жоғарғы жетекшісі ретінде марқұм Әли Хаменейдің ұлы Моджтаба Хаменейдің таңдалу мүмкіндігін төмен бағалады.

«Біз бұл адамды Иранмен бірге таңдауымыз керек. Біз бұл таңдауға қатысуға тиіспіз», – деді Трамп.

Ал шетелде жүрген Иранның бұрынғы тақ мұрагері Реза Пехлеви туралы сұраққа ол «әзірге бәрі де ықтимал» деп жауап берді.

Трамп бұдан бөлек, Ирактағы ирандық күрд жасақтары Иран аумағына өтіп, қауіпсіздік күштеріне қарсы шабуыл жасаса, мұны қолдайтынын да айтты. Бірақ АҚШ ондай топтарға нақты әскери көмек көрсете ме деген сауалға ашық жауап бермеді.

Сұхбатта Трамп Ормуз бұғазы мәселесіне де тоқталды. Оның сөзінше, бұл бағыттағы жағдай мұқият бақылауда. Себебі әлемдік мұнай тасымалының едәуір бөлігі дәл осы бұғаз арқылы өтеді. Соңғы шабуылдардан кейін аймақтағы жағдай ушығып, мұнай бағасы өсе бастаған.

Соған қарамастан, Трамп жанармай бағасының қымбаттауына қатты алаңдамайтынын айтты. Ол қақтығыс аяқталған соң баға қайта төмендейді деп санайды.

Осылайша, Ақ үй басшысы Ирандағы билік ауысуы тек Тегеранның ішкі мәселесі болып қалмауы керек деген ишара жасады. Бұл мәлімдеме Таяу Шығыстағы онсыз да күрделі жағдайды одан әрі ушықтыруы мүмкін.

Автор
Дархан Тоқан

Журналист. Блогер. Фрилансер