Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Ақмола облысындағы тасжолда полицейді көлік қағып өлтірді

Ақмола облысындағы тасжолда полицейді көлік қағып өлтірді

Ақмола облысының полиция департаменті жеке құрам инспекторын көлік қағып өлтіргенін мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Полиция департаментінің басшылығы мен жеке құрам қаза тапқан әріптесінің туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Ақмола облысының Полиция департаменті қызметтік міндеттерін атқару кезінде патрульдік полиция инспекторының қаза болу фактісі бойынша тергеу жүргізуде.

“Қайғылы оқиға ағымдағы жылғы 7 желтоқсанда Астана–Ерейментау-Шідерті автожолында орын алды. Toyota Camry автокөлігінің жүргізушісі рульді басқара алмағаны және жүргізушілерге қауіп туралы, жылдамдықты төмендету және жолдың тарылуы туралы ескертіп, жол қауіпсіздігін қамтамасыз еткен патрульдік полиция инспекторына соқтығысуға жол бергені алдын ала анықталды. Осы факт бойынша мұқият және объективті тергеу жүргізілетініне сендіреміз”, – делінген хабарламада.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.