KZNews.kz
Шоу-бизнес

Ақмола облысында науқастың ішінен 100-ден астам бұранда табылды - Қазақстан жаңалықтары

Айбар

Ақмола облысында ер адам өз-өзіне қол жұмсамақ болып, 112 бұранданың жұтып қойған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Күрделі операцияны Көкшетаудағы көпбейінді облыстық аурухананың үш хирургы жасады. Ота 2 сағатға созылды. Ең қызығы, ер адам 875 граммға тең металдан жасалған заттарды 4 ай бұрын жұтқан.

"Іш қуысын тексеріп, рентгенография және компьютерлік томография жасады. Науқастың айтуы бойынша, 2019 жылдың қараша айында ол металл заттарды - бұрандаларды жұтып жіберген. Шамамен 90 дана. Желтоқсанның басында тағы 30-ын. Шұғыл операция жасалды", - деді Көкшетаудағы көпбейінді облыстық аурухананың хирургия бөлімінің меңгерушісі Бауыржан Ахметов.

Бұрандалардың арасында тырнақ алғыш та бар.

Науқас оларды әдейі жұтып қойған, ол - өңірдегі колониялардың бірінде жазасын өтеп жүрген 35 жастағы тұтқын.

Қазір науқастың жағдайы қанағаттанарлық, оны ауруханадан шығарып, қалған мерзімін одан әрі өтеуге жіберді.


 


stan.kz
Айбар
Журналист
Автордың басқа материалдары →