Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Ақмола облысында күйеуін өлтірген 63 жастағы әйел жазадан сытылып кетті

Ақмола облысында күйеуін өлтірген 63 жастағы әйел жазадан сытылып кетті
Фото: Pixabay

Ақмола облысында 63 жастағы әйел күйеуін пышақтап өлтіргені үшін сотталғанымен, амнистияға ілігіп, жазадан босатылды, деп хабарлайды kznews.kz.

Іс материалдарына сәйкес, әйел күйеуінің жұмысқа бармай, үнемі ішімдік ішіп, карта ойнауына ашуланған. Сотта ол сол сәтте өзін ұстай алмай, ашуға берілгенін айтты.

"Күйеуім менің бетімнен ұрды. Сол кезде ашу үстінде қолымдағы пышақпен бірнеше рет соғып жібердім. Содан кейін дереу жедел жәрдем шақырдым", – деген әйелдің сөзін сот отырысы кезінде келтірген.

Алайда жедел жәрдем келгенше ер адам ауыр жарақаттан ауруханада көз жұмған.

Сот бұл істі аффект (кенеттен пайда болған күшті эмоциялық күй) жағдайында жасалған кісі өлтіру деп танып, әйелді кінәлі деп шешті.

Дегенмен, оның жасы 63-те екені, сондай-ақ марқұмның туыстары тарапынан материалдық және моральдық шағым түспегені жеңілдететін мән-жай ретінде ескерілді.

Сот әйелге бір жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Алайда Қазақстан Конституциясының 30 жылдығына арналған амнистия туралы заңға сәйкес, ол толықтай жазадан босатылды.

Автор
Азамат Қойшығара

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері - kznews.kz сайтының тілшісі.