Қазақстан Қытайдағы Әлем кубогында төртінші алтынды иеленді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Ақмола облысында 3 көлік соқтығысып, 5 адам қаза тапты

Ақмола облысында 3 көлік соқтығысып, 5 адам қаза тапты
Фото Informburo.kz

Кеше Ақмола облысындағы «Астана – Қорғалжын» автожолында қайғылы жол апаты болды. Үш көлік соқтығысып, соның салдарынан бес адам қаза тапты, деп хабарлайды kznews.kz.

Апат туралы ақпарат Instagram желісіндегі 716.kz парақшасында жарияланған. Онда қайғылы жағдай жексенбі күні күндіз осы тасжолда болғаны, нәтижесінде қаза тапқандар мен жарақат алғандар бар екені айтылған.

Өңірлік полиция департаментінің мәліметінше, 21 маусым күні «Астана – Қорғалжын» автожолында Kia, Toyota Fortuner және Toyota Land Cruiser көліктері соқтығысқан.

Соқтығыстан кейін Toyota маркалы екі көлік өртеніп кеткен.

«Алдын ала мәліметтер бойынша, жол-көлік оқиғасы салдарынан бес адам қаза тауып, тағы бес адам түрлі жарақаттармен медициналық мекемелерге жеткізілді. Қазіргі уақытта аталған оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Апаттың барлық мән-жайы анықталуда», – деп мәлімдеді Ақмола облысының полиция департаменті.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі