Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Ақмола облысында екі бала суға кетіп, мерт болды

Ақмола облысында екі бала суға кетіп, мерт болды

Ақмола облысында алты мен сегіз жастағы екі бала суға кетіп мерт болды. Оқиға кеше Аршалы ауданында болған.

«42-разьезд станциясы» деп аталатын елді мекеннің жанындағы шағын көлшікке кәмелетке толмаған үш бала суға шомылуға барған. Біраз уақыттан соң әлгі екеуі байқамай айдынға батып кеткен.

Ал олардың суға кеткенін жанындағы інілері әкесіне хабарлаған. Айта кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын Ерейментау ауданында да бір жасөспірім суға батып, көз жұмған еді.

Қанат Доспаев, облыстық ТЖД басшысының орынбасары:

- Оқиға орнына келген балалардың бірінің әкесі судан оларды алдымен өзі іздеген. Біреуін тауып жағаға шығарған. Ал екіншісін таба алмаған соң құтқарушыларға хабарласқан. Елордалық сүңгуірлер оның денесін сағат 18:55-те тапты. Суға кеткен балалар бір-біріне туған емес, немере бауырлар болып келеді.

Автор
Әлихан