KZNEWS.KZ
Шоу-бизнес

Ақмола облысында әкімдік жүргізушісі мектеп оқушысын қағып өлтірді

• Еркебұлан

Ақмола облысының Аршалы ауданында 14 жастағы жасөспірім жол апатынан қайтыс болды. Оған облыстық әкімдіктің жүргізушісі кінәлі. Ақпаратты Аршалы ауданының әкімдігі растады.

Әкімдіктің хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы 22 қарашада сағат 19.00-де болған. Daewoo Nexia автокөлігінің 27 жастағы жүргізушісі Аршалы ауылынан кетіп бара жатып, жолдан өтіп бара жатқан жасөспірімді соққан.

Ақмола полициясының қызметкерлері жасөспірімнің өліміне қатысты істі тергеп жатыр.

«Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасының мән-жайын анықтауға бағытталған барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде», - деп хабарлады Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі.

Еркебұлан
Журналист
Автордың басқа материалдары →