Ақбота Керімбекова Шымкент қалалық мәдениет бөлімі басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды.
Әншінің лауазымды қызметке тағайындалғаны туралы жаңалықты құрбысы Индира Елубаева бөлісті.
"Менің досым Ақбота Шымкент қалалық мәдениет бөлімі бастығының орынбасары болды", — деп жазды ол Instagram-да құрбысын жаңа лауазымымен құттықтап.
Бұған дейін тағы бір әнші, "МузАрт" тобының мүшесі Сәкен Майғазиев Шымкент қалалық мәдениет үйі директорының міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалған болатын.