Әнші Ақбота Керімбекова сүйінші жаңалығымен бөлісіп, екінші рет әже атанғанын жеткізді. Өнер иесінің айтуынша, шаңырағында тағы бір сәби дүниеге келген, деп хабарлайды kznews.kz.
Қуанышы қойнына сыймаған әнші бұл ерекше сәтті көпшілікпен бөлісіп, барша жұртқа осындай бақыт тіледі.
"Шаңырағымызда кішкентай нәресте өмірге келді. Былтыр ұлым Ақан үйленген еді. Енді екінші немеремізді құшақтап отырмыз. Аллаға шүкір, өте қуаныштымыз", – деді ол.
Әнші өз сөзінде барша отбасыларға немере мен шөбере сүю бақыты бұйырсын деп ақжарма тілегін жеткізді. Сонымен қатар ол анасы Бибіажар Махамбетованың да бұл қуанышты ерекше қабылдағанын атап өтті.
Ақбота Керімбекова әзіл-шынын араластырып, енді немере бағу қызығы басталғанын да жасырмады. Анасы да бұл қуанышты қабылдап, қазақстандықтарға амандық пен жақсылық тіледі.