Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

“Ұлым арсыз, келінім тексіз емес” - Ақбота Керімбекова қауесеттерге нүкте қойды

“Ұлым арсыз, келінім тексіз емес” - Ақбота Керімбекова қауесеттерге нүкте қойды
Фото: ашық дереккөз

Әнші әлеуметтік желіде бұл ақпараттың шындыққа мүлде жанаспайтынын айтып, өз оқырмандарына үн қатты.

«Бұл не масқара? Ұлым мінез көрсеткен жоқ, келінімнен безінбедім. Шығармашылық жоспарларыма байланысты Астанаға өз еркіммен қоныс аудардым. Мынадай сұмдықты кім айтты? Жап-жаңа отбасын құрып, үлкен өмірге енді ғана қадам басқан жас жұбайларды неге бұлай күйелейді?» — деп жазды өнер иесі.

Керімбекова ұлын да, келінін де қорғап, олардың арасындағы өзара сыйластық пен түсіністікті атап өтті:

«Өз анасын өзекке тебетін менің ұлдарым арсыз емес. Ұлын анасына қарсы қойып, айдап салатын тексіз емес менің келінім!» — деді әнші.

Ақбота Керімбекова желі қолданушыларынан расталмаған ақпарат таратпауға және отбасылық мәселелерге негізсіз араласпауға шақырды.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.