Желі қолданушысы Қостанай көшелерінің бірінде өнер иесінің концертін жарнамалайтын афишадағы суреті басқа хабарландырумен жабылып қалғанын көрсеткен.
Әзілкеш Тұрсынбек Қабатовқа қатысты видео әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды kznews.kz.
Видео авторы мұны әзілкештің жеке өміріне қатысты жағдайлармен байланыстырып, оның бұрынғы жары Мөлдір Мұқанға қатысты пікірін де жасырмады.
«Тұрсынбек Қабатов, Қостанай сізге қатты ренжіп қалыпты ғой. Концертіңіздің хабарландыруын жауып тастаған. Бетіңіз жоқ. Астында атыңыз бар әйтеуір, бірақ бетіңіздің үстіне іліп кетіпті. Мөлдір әпкені ренжітпеу керек еді. Әпкемізді ренжіткен адамды жақтыра қоймаймыз», – деді ол.
Осылайша, қарапайым хабарландыру тақтасындағы көрініс желі қолданушыларының назарын аударып, әзілкештің жеке өміріне қатысты пікірталасты қайта жандандырды.