Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Антикор Қайрат Сатыбалдыұлынан тәркіленген мүліктердің тізімін жариялады

Антикор Қайрат Сатыбалдыұлынан тәркіленген мүліктердің тізімін жариялады

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Биғайдаров елге қайтарылған мүліктер туралы мәлімдеме жасады. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.


Агенттік өкілінің айтуынша, 2022 жылы мемлекеттік және квазимемлекеттік секторға 1,1 триллион теңгеден астам сомаға мүліктік активтер мен ақшалай қаражат қайтарылған.

"Оның 321,6 млрд теңгесі тікелей бюджетке қайтарылды. Қайтарылған активтер арасында әкімшілік ғимараттар, эксклюзивті зергерлік бұйымдар, үйлер, пәтерлер, автокөліктер, акциялар, компаниялардағы үлестер, теміржолдар және қолма-қол ақшалар бар”, – деді Биғайдаров.

Агенттік өкілінің мәліметінше, биылғы жылы бірнеше нысан қайтарылған, оның ішінде Алматыдағы құны 7,9 млрд теңгені құрайтын "Қайсар Tower" бизнес орталығының ғимараты Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің меншігіне берілді.

"Сонымен қатар Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының балансына құны 800 млн теңгеден асатын әкімшілік ғимарат берілді. Астанада құны 5 миллиард теңгеден асатын үш зәулім үй "Астана қаласы әкімдігінің мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған психологиялық-педагогикалық түзету басқармасына" берілді”, – деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін аталмыш нысандардың Қайрат Сатыбалдыұлына тиесілі екені хабарланған еді.

Биғайдаров мемлекетке қайтарылған мүліктің барлығы әлеуметтік мақсатта пайдаланылатынын атап өтті. Атап айтқанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қайтарған 153,3 миллиард теңгеге Қазақстанның бірқатар өңірлерінде 92 мың орындық 83 мектептің құрылысы қаржыландырылған.

Бұған дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі сотталған Қайрат Сатыбалдыұлы келтірілген шығынды өтеу мақсатында қайтарған жылжымайтын мүлік объектілерінің мемлекетке өткенін хабарлаған еді.

Еске салсақ, 2024 жылдың 16 тамыз күні Өскемен қаласының №2 соты сотталған Қайрат Сатыбалдының жазасының өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түріне ауыстыру туралы өтінішхатын қанағаттандырып бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның өтелмеген бөлігін 3 жыл 3 ай 7 күн мерзімге бас бостандығын шектеуге ауыстырды.

Автор
Айбар