Әнші Жазира Байырбекова ұлының үйлену тойына қатысты қонақтарға ерекше ескерту жасады, деп хабарлайды kznews.kz.
Өнер иесі тойға келетін қонақтардан мобилограф пен видеограф алып келмеуді сұраған. Бұл шешімді ол шақырылған адамдар санының көптігімен түсіндірді.
"Құрметті қонақтар! Ертеңгі тойға кіру тек тізім бойынша жүзеге асады. Қонақтардың көп болуына байланысты мобилографсыз және видеографсыз келулеріңізді сұраймыз", – деп жазды әнші.
Сонымен қатар Жазира Байырбекова қонақтар фото мен видеосыз қалмайтынын да атап өтті. Оның айтуынша, той барысында кәсіби түсірілім ұйымдастырылып, барлық материалдар кейін арнайы QR-код арқылы ұсынылады.
Айта кетейік, Жазира мен Жанболат Байырбеков ұлының тойын қазақстандықтар онлайн форматта да тамашалай алады.