Белгілі әнші Жазира Байырбекова отбасында өткен ауқымды той туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Sn.kz.
Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында алғашқы тойдың сәтті өткенін айтып, шараның ұйымдастырылуына үлес қосқан жандарға алғысын жеткізді.
"Бұлай болады деп ойламадым. Шақырылған қонақтардың 99 пайызы келді. Алғыс білдіреміз! Алғашқы тойымыздың жоғары деңгейде өтуіне өз үлестеріңізді қосқандарыңыз үшін ерекше ризамыз. Әрқайсыларыңыз өз істеріңіздің нағыз шебері екендеріңізді дәлелдедіңіздер. Кештің көркін кіргізіп, көңілімізден шығатын керемет атмосфера сыйладыңыздар. Осындай кәсіби әрі ұйымшыл командамен жұмыс істеу біз үшін үлкен мәртебе! Сіздерге шығармашылық табыс, толағай жетістіктер және тек биік белестер тілейміз! Тағы да үлкен рахмет!" – деп жазды әнші.
Сонымен қатар әнші той аяқталғаннан кейін қонақтардың бірден тарай бастағанына алғашында таңғалғанын айтты. Кейін тамаданың тойды ресми түрде аяқтағанын түсінген. Жазира Байырбекова тойға дейін де, тойдан кейін де қатты уайымдағанын жасырмады.