Алғашқы жартыжылдықта экономика 4,1%-ға өсті: Тоқаев Үкіметке жаңа міндеттер жүктеді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Әнші саясаттан алыс жүруі керек пе?”: Тамара Асар өзін сынағандарға жауап берді

“Әнші саясаттан алыс жүруі керек пе?”: Тамара Асар өзін сынағандарға жауап берді
Фото: instagram.com/tamara_assar_official/

Қазақстанның халық әртісі Тамара Асар Қазақстан Халық партиясы атынан Құрылтай депутаттығына кандидат ретінде тіркелгеннен кейін әлеуметтік желідегі сын-пікірлерге жауап берді, деп хабарлайды kznews.kz.

Өнер иесі қоғамда әншінің саясатқа келуіне қатысты қызу пікірталас туғанын айтып, әрбір азаматтың елге қызмет етуге және қоғамдық-саяси өмірге араласуға құқығы бар екенін атап өтті.

«Әншілік мамандықтың партияға мүше болып, кандидаттыққа ұсынылуы осынша қоғамда диссонанс туғызғаны ерекше құбылыс. Демек, кейбіреулердің түсінігінде өнер адамы саясаттан, қоғамдық жұмыстан тыс жүруі керек деген көзқарас бар ма?» – деді ол.

Тамара Асардың сөзінше, қоғамға пайдасын тигізуге деген ниет кез келген адамның жүрегінде болады. Ол партияның ұсынысын қабылдауына ата-анасынан алған тәлім-тәрбие, өмірлік тәжірибесі, білімі мен ғылыми дәрежесі негіз болғанын жеткізді.

Сонымен қатар әнші кандидат ретінде тіркелу депутат болды дегенді білдірмейтінін еске салып, сайлау науқаны әлі басталғанын айтты.

«Кандидат деген – 100% депутат емес. Мерзімінен бұрын асығыс пікір білдіру өзге емес, өзіңе жасаған қиянат», – деп жазды ол.

Өнер иесі әкесінің өсиетін де бөлісіп: «Жақсы айтты деп сүйінбе, жаман айтты деп күйінбе. Сүйінсең масаттанып кетесің, күйінсең өзіңді жоғалтасың», – деген сөзін келтірді.

Сөз соңында Тамара Асар өзін қолдап, ақжарма тілектерін жолдаған азаматтарға алғыс айтып, сын айтқандарға да реніш білдірмейтінін жеткізді. Оның айтуынша, мұндай пікірлер өзін жігерлендіріп, шыңдай түседі.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.