Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Еркектің әділетсіздігіне көну керек": Тамара Асар әйелдерге кеңес берді

"Еркектің әділетсіздігіне көну керек": Тамара Асар әйелдерге кеңес берді

Желіде танымал әнші Тамара Асардың әйел мен еркекке қатысты ойы қызу талқыға түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өнер иесі журналист Дина Төлепбергенмен сырласып, қоғамдағы ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасын анықтап берді. 

“Ағаларыңды өзінен артық сүйемін. Сүю де керек. Ер адамды әйел адам артығырақ сүйіп, әділетсіздігіне де көне білу керек. Артығырақ бас иіп тұрған дұрыс. Оларды ақ қағаздың үстінде жүргізе алмаймыз. Ер адам түзу жүруге тиіс емес. Қазіргі болып жатқан проблема – әйелдер әділетсіздікті қабылдай алмағандықтан туындайды", – деді Тамара Асар.

Одан кейін әйелдерге қол көтермеу үшін еркектер қандай іспен айналысатынын да айтты. 

“Осы сөзім арқылы әйелдерге қол көтеретін еркектерді ақтап тұрған жоқпын. Бүгінгінің еркектері жауға шапқан жоқ, қырғын көрген жоқ. Сосын іштегі агрессиясын әйелдеріне шығарады. Сол үшін ер адамдар ауыр жұмыс істеп, түзде жүруі керек”, – деді әнші. 

 
Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.