Ормуз дағдарысы: әлемдік тәртіп қалай өзгереді?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Әнші Мақпал Жүнісова ұшақтың ішінде күтпеген жағдайға тап болды

Әнші Мақпал Жүнісова ұшақтың ішінде күтпеген жағдайға тап болды
ашық дереккөзден

Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова Scat әуекомпаниясының бортсеріктерінің әрекетіне қатысты шағым айтты, деп хабарлайды kznews.kz.

Әншінің айтуынша, ол ұшақта бос тұрған терезе жақтағы орынға отырғысы келген. Алайда бортсеріктер бұл орынның ақылы екенін айтып, орын ауыстыруға рұқсат бермеген.

"Бос орындар тұр. Сол жерге отырсам десем, "ақылы орын" дейді. Ұшақтың есігі жабылып қойған, ешкім отырмайды. Мұны қалай түсінуге болады?" – деп сауал жолдады ол компания басшыларының біріне.

Өнер иесі ұшақ ішінде қатар тұрған үш бос орынды көрсетіп, қай орында отырғанның айырмашылығы неде екенін түсінбей қалғанын жеткізді.

"Мен билетке ақша төледім. Бос орынға отырғым келеді. Бұл жерде ешкімнің орнын алып отырған жоқпын", – деп таңданысын жасырмады әнші.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер