Қазақстан экономикасы төрт айда 3,6%-ға өсті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Әнші Luina екінші рет ана атанады

Әнші Luina екінші рет ана атанады
Фото: ашық дереккөзден

Танымал қазақстандық әнші Луина екінші сәбиін күтіп жүр, деп хабарлайды kznews.kz.

Әнші сүйінші жаңалығын әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісіп, видео жариялады. Кадрларда өнер иесі алдымен “Рақмет” әнін орындап, артынан жүкті екенін көрсетеді. Сондай-ақ видеода оның жары мен ұлы көрінеді.

“+1”, – деп жазған ол жазбасында.

Өнер иесінің өнердегі әріптестері мен оқырмандары оны жарыса құттықтап, сәбиін аман-есен бауырына басуын тілеп жатыр.

“Өте қатты қуаныштымын, жылап отырмын”, “Сіз үшін қуаныштымын”, “Біз сені күтемін, біздің кішкентай балапан”, “Жүктілігіңіз жайлы әрі жеңіл өтсін, отбасыңызға бақыт тілеймін”, “Керемет”, – деп жазған олар.

Айта кетейік, бұған дейін Луинаға Қырғыз Республикасының мәдениет үздігі атағы берілгені хабарланған еді. 

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.