«Нәтиже болмаса қоштасамыз»: Бектенов Kazakh Tourism басшысына ескерту жасады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Әнші Сиви Махмуди балаларына қымбат көлік сыйлады (видео)

Әнші Сиви Махмуди балаларына қымбат көлік сыйлады (видео)

Қазақстандық танымал әнші Сиви Махмуди жаңа оқу жылы қарсаңында балаларын қуантып, оларға су жаңа көлік тарту етті. Өнер иесі қымбат сыйлығын табыстаған сәтін әлеуметтік желіде бөліскен, деп жазады Kznews.kz тілшісі.

Сиви Махмуди Instagram парақшасында көлікті сыйлап жатқан видеосын жариялап, қалың көпшілікке балаларының әсерін көрсетті. Мұндай тосынсыйды күтпеген балалар өз қуанышын жасыра алмай, аналарын құшағына басты. "Балапандарыма биылғы жаңа оқу жылына көлік сыйладым", - деп жазды ол.

Желі қолданушылары әртістің бұл әрекетіне қатысты екі түрлі пікір білдірді. Бірі балалары үшін барын салып жүрген анаға қолдау білдірсе, енді бірі оны мақтанғаны үшін сынға алған. "Жарайсың. "Еңбек етсең ерінбей тояды қарны тіленбей" деген осы. Бұл еңбегіңнің жемісі, құтты болсын көлігің, қатты қуанып турмын", "Ұлдарың, қызың өсіп қалыпты. Осылардың қызығын, жақсылығын көргін. Аман болыңдар", "Мақтанып салудың не қажеті бар? Күн көре алмай отырған адам қаншама?", - деп жазуда оқырмандар.

Автор
Данияр