Қаралы хабар әлеуметтік желіде жарияланды. Тараған ақпаратқа сәйкес, марқұм Ұлтай Мырзамбекқызын ақтық сапарға шығарып салу рәсімі 14 қазан күні өтеді, деп хабарлайды kznews.kz.
Жаназа намазы 2026 жылғы 14 қазанда сағат 15:00-де Түркістан облысы, Созақ ауылында, марқұмның өз шаңырағында оқылады.
Сәкен Майғазиев – қазақ эстрадасының белгілі өкілі, «МузАРТ» тобының әншісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.
Kznews.kz редакциясы Сәкен Майғазиев пен оның отбасына, туған-туыстарына қайғырып көңіл айтады.
Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын!