Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Әнші сахнада тауықтың тамағын кесіп, қанын ішкені үшін істі болды

Әнші сахнада тауықтың тамағын кесіп, қанын ішкені үшін істі болды

Үндістанда жануарлар құқығын қорғаушылар әнші Кон Вайя Сона тауыққа қиянат жасағаны үшін құқық қорғау органдарына шағымданды. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі Economic Timesбасылымына сілтеме жасап хабарлайды.


Аруначал-Прадеш штатының Итанагар қаласында өткен концертте Сона сахнада тауықтың тамағын тіліп, қанын ішкен. Жануарларға этикалық қатынасты жақтайтын адамдар (PETA) ұйымы оқиға туралы біліп, полицияға хабарлады.

Жануарлар құқығын қорғаушылар жануарларға қатыгездік көрсету адамның психологиялық бұзылыстарын және адамдарға зиян тигізгісі келетінін көрсетуі мүмкін деп түсіндірді. Ұйымның мәліметінше, жануарларды азаптағандар басқа да қылмыстар жасайды деген сөз.

PETA материалдарын қарап шыққан полиция Сонаға қатысты қылмыстық іс қозғады.

Автор
Айбар