KZNEWS.KZ
Шоу-бизнес

Анна Данченко “Құрмет” орденімен марапатталды

• Айжан Сыланова
Фото: әлеуметтік желіден

Қазақстандық журналист, тележүргізуші және продюсер Анна Данченко мемлекеттік «Құрмет» орденімен марапатталды. Қуанышты жаңалығын ол әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісіп, марапаттың кімдерге арналғанын айтты, деп хабарлайды kznews.kz.

Тележүргізуші бұл жетістігін ең алдымен өмірге әкеліп, тәрбиелеген ата-анасының рухына арнайтынын жеткізді. Оның айтуынша, бүгінгі биікке жетуіне ата-анасының ақ батасы мен қолдауы үлкен ықпал еткен.

«Менің әрбір жетістігімнің артында олардың ақ батасы, маған деген сенімі мен шексіз махаббаты жатыр. Бүгінгі қуанышымды өздерімен бөлісе алмасам да, осы биікке жетуіме себепкер болған ең асыл жандарымның рухына тағзым етемін», – деп жазды журналист.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →