«Қайран менің өз үйім»: қазақтың арманы неге қымбаттап барады?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Анкарадағы пойыз апатынан бірнеше адам қаза тапты

Анкарадағы пойыз апатынан бірнеше адам қаза тапты

Анкарада жүрдек пойыз рельстен шығып, қала батысындағы Марсандиз станциясында бірдей рельсте маневр жасап келе жатқан локомотивпен соқтығысқан. 

Апат салдарынан 9 адам қаза тауып, 50-ге жуығы жарақаттанды. Анкара губернаторы Васип Шахин жүрдек пойыз Конья қаласына бағытталғанын хабарлады. Губернатордың айтуынша, қаза болғандардың арасында пойыз машинисі де бар. Ал жарақат алған үш адам ауыр халде.

Қақтығыс жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 6:30-да Маршандиз станциясында Анкараның бас вокзалынан шамамен сегіз шақырым жерде орын алған. Анадолы түрік ақпарат агенттігі хабарлағандай, қазіргі уақытта апат себептері тексеріліп жатыр.

Бірнеше вагондар поездың соқтығысуынан толығымен қираған. Фото: www.bbc.com

Биыл шілдеде Түркияның солтүстік-батысында Текирдаг провинциясындағы пойыздың апатқа ұшырауы салдарынан 24 адам қаза тауып, жүздеген адам жарақат алған болатын.

"The Qazaq Times"

Автор
Бауыржан