Есет Байкен Ұлытау облысының әкімі болып тағайындалды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Анасының шашын теңізге жіберді”: Каспийге батып кеткен жігіттің жақындары емшіге алғыс айтты

“Анасының шашын теңізге жіберді”: Каспийге батып кеткен жігіттің жақындары емшіге алғыс айтты

Каспий теңізінде сегіз күн бойы із-түзсіз жоғалған азаматтың денесі табылды. Қайғылы хабардан кейін марқұмның жақындары мен іздеу жұмыстарына қатысқан еріктілер әлеуметтік желіде халық емшісі Самат Сәденовке алғыс білдірді, деп хабарлайды kznews.kz.

Туыстарының айтуынша, Самат Сәденов іздеу жұмыстары барысында өз көмегін ұсынып, қолдау көрсеткен. Олар болған жағдайды Алланың қалауымен болған іс деп қабылдайтындарын жеткізді.

«Сегіз күн бойы Каспий теңізінде із-түзсіз жоғалған азаматтың денесін халық емшісі Самат Сәденов тауып берді. Алладан биік ешкім жоқ, бұл кісіні себепші еткен – Алла деп қабылдаңыз. Марқұмның отбасына, туған-туыстарына Алла сабыр берсін. Ешбір ата-ананы баласымен, ешбір баланы ата-анасымен сынамасын. Самат Сәденовке жасаған еңбегі мен жанашырлығы үшін Алла разы болсын. Осындай қиын сәтте қолынан келген көмегін көрсетіп, іздеу жұмысына атсалысқаны үшін алғыс айтамыз. Марқұмның жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын», – деп жазды еріктілердің бірі.

Сонымен қатар әлеуметтік желіде Самат Сәденовтің іздеу кезінде қандай кеңес бергені де жарияланды. Оның жазбасында:

«Бауыржан деген кісі қазанға баланың киімін және анасының шашын аздап қиып салып, теңізге жіберсін», – деген сөздер келтірілген.

Айта кетейік, бұған дейін Маңғыстау облысында теңізге батып кеткен 18 жастағы жігітті іздеу жұмыстары бірнеше күн бойы жүргізілген болатын. Оның денесі сегізінші күні табылды.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.