Қостанай облысы әкімінің орынбасары ұсталды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Анасының аяғын жуған Жахан Отарғалиевтің әрекеті желіде қызу талқыға түсті (видео)

Анасының аяғын жуған Жахан Отарғалиевтің әрекеті желіде қызу талқыға түсті (видео)

Актер Жахан Отарғалиев жақында анасын ауруханадан шығарып алды. Анасының аяғын жуған сәтті Instagram парақшасына жариялаған өнер иесі көпшіліктің қызу талқысына түсті, деп жазады Kznews.kz KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап.

"Мүмкіндік бар кезде әке мен анамызға қызмет жасайық. Алла шипасын берсін, анашым", - деп жазды актер. Айта кетейік, әзілкештің анасы жақында ауруханадан шыққан болатын. Видеода актер анасының аяғын сабындап жуып, сүртіп береді. Ал желі қолданушылары Отарғалиевтың бұл видеосына түрлі пікір білдірді. "Көрсетпей жуа берсейші", "Видеоға түсірудің не керегі бар?", "Анаңыз сауығып кетсін", "Ата-ананы тірі кезінде бағалау керек", "Жарайсың", "Жақсылықты көрсетпей істеу керек", "Аяғын сүйсей", - деп жазды желідегілер. 

фото: instagram.com/zhahan_utargaliyev 
Автор
Айбар