Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Анасына видео қоңырау шалған жігіт жұмбақ елесті видеоға түсіріп алды

Анасына видео қоңырау шалған жігіт жұмбақ елесті видеоға түсіріп алды
Әлемде

Қысқа сілтеме алу

85601

Жігіт анасына видео қоңырау шалған кезде экраннан "жұмбақ елесті" көреді

АСТАНА, 11 желтоқсан — Sputnik. Камераға түскен ерекше оқиғаның видеосымен Алан Смит Youtube арнасында бөліскен, деп хабарлайды Daily Star.

Ұлы анасына видео қоңырау шалып, камерадан біртүрлі құбылысты көргенде таң-тамаша болады. Әйел адамның алдында жарқыраған шар пайда болыпты.

Алан Смиттің анасы көз алдында ештеңені көрмеген, телефонындағы камера арқылы ғана шарды байқайды. Видеода ол тылсым "қонақты" қуып жатыр.

Алан елестер туралы қалжыңдап, бұл құбылысты камераның ақауы шығар деп ойлаған. Шар біраз уақыт кетпей, әйелдің қыр соңынан қалмай қойған кезде жігіттің күлкісі сап тыйылып, қорқа бастайды.

Қолданушылар роликтің шынымен қорқынышты екенін айтып, пікір қалдыруда. Кейбіреулерге жұмбақ шар сүйкімді болып көрініпті.

Дереккөз: https://sputniknews.kz/
Автор
Әлихан