АҚШ-та 41 жастағы Элизабет Крикморға қатысты ауыр айыптар тағылды. Daily Star басылымының хабарлауынша, ол 5 жастағы қызды ересектерге арналған видео түсіріп, контентті жарнамалау және жазылушылар тарту үшін пайдаланған деген күдікке ілінген, деп хабарлайды kznews.kz.
Тергеу органдары оған 8 ауыр қылмыс бойынша айып таққан: баланы ересектерге арналған контент жасап, видео түсірудің 4 дерегі және балаларға қатысты тыйым салынған материалдарды сақтаудың тағы 4 эпизоды.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, іс Индиана штатындағы Бала құқықтарын қорғау департаментіне түскен хабарламадан кейін қозғалған. Онда Крикмор кәмелетке толмаған баланы күмәнді контентке қатыстырғаны айтылған.
Кейін тергеушілер оның жазбалары мен аккаунттарынан дәлелдер тапқан. Кей материалдарда бала 5–6 жас шамасында болғаны көрсетілген. Кейбір деректерге сәйкес, бұл оның туған қызы болуы мүмкін.
Айыпталушы қазір іздестірілуде. Оның күйеуі бұл жағдайға қатысы жоқ екенін мәлімдеген. Тергеу жалғасуда.