Атырауда полицейлерге шабуыл: екі қызметкер жарақат алды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Анасына селфи жіберген: Бес минуттан кейін ұшақ апатқа ұшырады - Қазақстан жаңалықтары

Анасына селфи жіберген: Бес минуттан кейін ұшақ апатқа ұшырады - Қазақстан жаңалықтары

АҚШ-та инженер анасына ұшақта түскен сурет жіберіп бес минуттан кейін көз жұмған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі The sun басылымына сілтеме жасап. 

Жігіт бұл сапарды шынымен тағатсыздана күткен. Алайда, оның қандай трагедияға айналатынын білмеді.

37 жастағы Даниэль Шедд спортты, жаяу серуендеуді және велосипедпен жүруді жақсы көрген. Бірақ бұл жолы, Даниэль және оның үш досы - Кеттеринг университетінің инженерлік мектебінің барлық түлектері төрт орынды бір моторлы ұшаққа отырып, саяхаттамақшы болған. Жігіттер АҚШ-тың Миссури штатындағы Кри Коро әуежайынан ұшып шыққан.

"Бұл ұлымның олармен алғашқы рет ұшуы еді. Мен оның бұрын кішкентай ұшақпен ұшып көрмегенін білемін. Ол бұл сапарды тағатсыздана күтті. Олардың барлығы бақытты, жақсы көңіл-күйде болған еді. Ауа райы да керемет болатын", дейді Даниэльдың әкесі Чарльз Шедд.

Даниел қатты қуанып, эмоцияларымен анасымен бөлісуді жөн көрген. Достармен отырғанын селфи ретінде түсіріп, анасына жіберген. Бірақ оңың және достардың өмірі қайғылы аяқталды. Ұшудан бес минут өткен соң ұшақ апатқа ұшырады. Жігіттер оқиға орнында қайтыс болды.

Жігіттерді әуежайға жеткізген Даниэль Чарльз Схеддің айтуынша, ұшақ «жақсы жағдайда» болған және барлық тексеруден өткен. Рульде ұлының достарының бірі болған Құқық қорғау органдары оқиғаға байланысты тергеуді бастады, апаттың себебі әлі анықталған жоқ.


stan.kz
Автор
Еркебұлан