«Қазақ аруы-2025» байқауының жеңімпазы Дария Қуатжан анасы жайлы сыр шертті, деп хабарлайды kznews.kz MadeniPortal.kz сайтына сілтеме жасап.
Байқау жеңімпазы өміріндегі ауыр кезеңдер жайлы айтты.
«Өзімнің өмірімдегі бір жағдайды бөліскім келіп тұр.Осыдан бір жыл бұрын мен үшін сынақтар көп болды. Тура бір жыл бұрын «Қазақ аруы» байқауына кастинг жүріп жатқан кезде мен үшін ауыр кезеідердің бірі болды. Анама қатерлі ісік диагнозы қойылды. Сол сәттегі ішкі күйім келіп отыр. Басында мойындамадық, тіпті сенбедік. Әрбір тексерісте тек позитивті көңіл-күймен шығып жүрдік. Екінші кезеңі деп қойды. Оған дереу ота жасау керек болды. Біз қарапайым отбасыдан шыққанбыз, оны оқырмандарым жақсы біледі. Шетелге шығу туралы тіпті ойламадық, ол кезде бизнесім енді басталып келе жатқан еді. Алматының білікті дәрігерлерлеріне сеніп тапсырдық. «Қазақ аруы» кезінде қолдаушылар көп деп айтқаныммен, өзімді жалғыз сезіндім. Қайша Керейдің бастамасымен Түркияға барып, 10 млн-ға ота жасап келдік. Қазір жарты жыл сайын тексерістен өтіп жүр. Ал анам менің нағыз батыр адам. Себебі бізді жақсы тәрбиелеп өсірді. Тіпті үй шаруысы барлығы сол кісінің мойнында болды», - деді Дария Қуатжан.