Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Амилай сияқты": Желіде блогер жігіттің киім үлгісі жұртқа жақпай қалды

"Амилай сияқты": Желіде блогер жігіттің киім үлгісі жұртқа жақпай қалды

Желіде үй тазалап жүріп, үлкен компанияның директоры болған кәсіпкер, блогер Нұрхан Нұрмаханбет ерекше образда видео жариялап, жұрттың ашуын тудырды, деп хабарлайды kznews.kz.

Ол бұл кейіп тек көңіл көтеру мақсатында жасалғанын айтып, оқырмандарынан теріс ойламауды өтінді.

“Жай ғана образ ғой, достар, жаман ойлап қалмаңыздар”, – деп жазған ол.

Дегенмен блогердің видеосы желі қолданушыларына жақпай қалған көрінеді.

“Жаман ойлаған бергі жағы, жерге кіріп кеттік”, “Осылай Амилай боп кетпесін бұл да”, “Осыған қой дейтін ағайын бар ма?”, “Ұят-ай”, “Мұның дұрыс болмады”, “Үй жинағының жақсы еді, Алла жеңілдігін берсін”, “Келесі жолы ер адамдардың образын таңдашы”, “Бұл енді артық”, – деп жазған олар.

Айта кетейік, бұған дейін айына 20 миллион теңге табатын жас кәсіпкер Нұрхан Нұрмұханбет отбасын айтып, жылап қалғаны хабарланған еді.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.