Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Аманғали Сегізбаев | өмірбаяны

Аманғали Сегізбаев |  өмірбаяны

Сегізбаев (1897–1944) Қостанай облысының бұрынғы Орджоникидзе ауданындағы Ақсу колхозында туған.

Молдадан хат таниды. Троицк қаласында «Уәзифа» медресесін, 1919 жылы Қостанайда жаңадан ашылған журналистер институтын бітірген. Еңбек жолын сонда ұстаз, уездік оқу бөлімінің инспекторы болып бастаған. 1923 жылы Орынборда шығатын «Жас қазақ» журналының жауапты хатшысы, 1924 жылдан бастап «Еңбекші қазақ» газетінің редакторы, Семей облыстық «Екпінді» газетінің жауапты хатшысы, республикалық «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің қызметкері, Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі болған. Сол тұстарда өлең-поэмалары, фельетондары, әңгіме-очерктері жиі жарияланып тұрған.

1942 жылдың бас кезінде ел қорғауға аттанады. 1944 жылы қарашада Кенигсберг қаласы үшін болған ұрыста ерлікпен қаза табады.

1977 жылы «Жазушы» баспасынан «Дала жұлдыздары» атты әңгімелер мен очерктер жинағы шыққан.

Автор
Санжар