Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Альварес пен Головкиннің үшінші кездесуі өтетініне күмән жоқ

Альварес пен Головкиннің үшінші кездесуі өтетініне күмән жоқ

Мексикалық боксшы Сауль Альварестің промоутері Оскар Де ла Хойя Хьюстонда өткен бокс кешінде рингке шығып, «Канело» мен қазақстандық Геннадий Головкин арасында үшінші жекпе-жектің өткізілуіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Sputniknews.kz хабарлады. 

«Үшінші кездесудің өтетініне күмән жоқ. «Канело» тек мықтылармен жұдырықтасқысы келеді. Үшінші жекпе-жекте Головкинді нокаутқа жіберетініне сенімдімін», — деп мәлімдеді Оскар де ла Хойя.

Бірнеше апта бұрын Де ла Хойя Головкинмен мамыр айында жекпе-жек өткізуге қатысты келіссөздердің басталғанын мәлімдеген-ді. Алайда кейін «Канелоның» өкілдері оның 4 мамыр күні Дэниэл Джейкобспен шаршы алаңда жұдырықтасатынын жеткізді. Бұл жекпе-жектің қайда болатыны қаңтар айының соңында Невада штатының Атлетикалық комиссиясының отырысында белгілі болады.

Қазақстандық Геннадий Головкин осы жылдың сәуір-мамыр айларында шаршы алаңға оралады деп жоспарланып отыр.


prosports.kz
Автор
Арман