KZNews.kz
Қоғам

"Алтынемел" ұлттық табиғи паркінің аумағында өрт шықты

Torgyn Abushakhman

"Алтынемел" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Іле орманшылығы аумағындағы шыққан өрт оқшауланды, деп хабарлайды Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне сілтеме жасаған Kznews.kz

Комитеттің мәліметінше, 21 қыркүйекте "Алтынемел" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Іле орманшылығы аумағындағы 41-орамының 50-телімінде шыққан.

23 қыркүйекте сағат 09:16-да ұлттық парк, облыстық ТЖД және РМК "Қазавиорманқорғау" мамандарының бірлескен іс-қимылының нәтижесінде шамамен 120 гектар ормансыз жерлерді (қамыс пен бұталы) қамтыған аумақтағы өрт оқшауланған.

Өртті сөндіруге жалпы 98 адам және 32 техника бірлігі жұмылдырылған:

"Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Өрт сөндіру жұмыстарына ұлттық парктің директоры К. Байтұрбаев басшылық етуде.

Ұлттық парк пен ТЖД қызметкерлері бірлесіп, өртті толықтай сөндіруге бағытталған барлық қажетті шараны қабылдауда", - делінген хабарламада.

"Қазавиаорманқорғау" РМҚК-ның бірінші сыныпты әуе кемесі өрт аумағында 18 мәрте барлығы 54 тонна су төккен.

Torgyn Abushakhman
Автордың басқа материалдары