Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

“Алтын алса, биыл үйленемін” - Танымал тележүргізуші күтпеген мәлімдеме жасады

“Алтын алса, биыл үйленемін” - Танымал тележүргізуші күтпеген мәлімдеме жасады

Танымал тележүргізуші Руслан Өтепбай желідегі парақшасында жеке өміріне қатысты мәлімдеме жасады. Ол боксшылар Париждегі олимпиададан алтын алса үйленетінін айтты.

«Парижде бокстан төрт жігіттің біреуі алтын алса, биылдан қалмай үйленемін, сөз беремін. Төртеуі түгел алтын алса ертең-ақ беташар жасаймын. Үмітті ақтаңыздар жігіттер! Тағы бір алтын қоржынға түсе ме?», - деп жазды ол.

Тележүргізушінің оқырмандары оған тілектестік білдірді.

«Түседі, түседі, сырғаңды дайындай бер», «Ішіңнен ешкім алтын алмай-ақ қойса деп тұрған жоқсың ба? Әлі біраз жүре тұратын деп», «Сізге тұрмысқа шыққан қыздың бағы зор шығар», «Күміс алса той палаткада өте ме?», - деп әзілдеді олар.

https://smartnews.kz/news/12819-ujlenemin-soz-beremin-ruslan-otepbaj-kutpegen-malimdeme-zhasady-foto

Автор
Еркебұлан