Қоғам

Алқабилер шешімі: азаптады деп айыпталған түрме қызметкерлері ақталды

Torgyn Abushakhman Torgyn Abushakhman
Алқабилер шешімі: азаптады деп айыпталған түрме қызметкерлері ақталды

Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотында алқабилердің қатысуымен Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің 12 қызметкеріне қатысты іс қаралды, деп хабарлайды  Kznews.kz 

Сот талқылауының қорытындысы бойынша алқабилер айыпталушыларды толық ақтау жөнінде шешім қабылдады. Кеңесу барысында қылмыс оқиғасының болмағаны және қызметкерлердің кінәсіз екені анықталған.

Тергеу органдары ҚАЖК қызметкерлерін Атбасар қаласындағы түзеу мекемесінде сотталғандарға азаптау әдістерін қолданды деп айыптап, істі ҚР Қылмыстық кодексінің 146-бабы 3-бөлігі 1-тармағы («Азаптау») бойынша сотқа жолдаған болатын.

Алайда алқабилер алқасы айыптауды дәлелденбеген деп таныды. Дауыс беру нәтижесінде 10 алқаби мен 1 судьяның барлығы бірдей шешімге келген, қандай да бір басымдық немесе артықшылық болмағаны көрсетілді.

Сот үкімімен ҚАЖК-нің 12 қызметкері кінәсіз деп танылып, ақталды. Сондай-ақ ақталған азаматтардың оңалту құқығы бар екені атап өтілді. Қазіргі уақытта үкім заңды күшіне енген жоқ.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz