Алматының жол көрсеткішін жаса да, ақшалай сыйлық ұтып ал!
09.11.2018
17:04
0
11


Байқауға қатысу үшін жасына немесе тұрғылықты мекенжайынан тыс, ешқандай шектеусіз кез келген адам қатыса алады. 2018 жылғы 9 желтоқсан күні 23:59-ға дейін өзіңіз құрастырған төл жол көрсеткішіңізді кез келген мәтін форматында (doc, docx, txt, rtf) мына электрондық поштаға жіберіңіз: pr@visitalmaty.kz
Өзіңіз сипаттамақ болып отырған жерлерде қызықты не бар екенін, несімен ерекше және неліктен бару керек екендігін ашып көрсетуге тырысыңыз. Жұмыс кестесі, мекенжайлары және байланыс ақпаратын көрсетуді де ұмытпаңыз: бұл Сіз үшін маңызды болмауы мүмкін, бірақ қалаға алғаш қадам басып тұрғандар бағдарын түзеуі үшін ол өте маңызды. Көрікті жерлер кем дегенде үшеу болсын әрі ең басты, өзгеше орындарды таңдаңыз.

(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ