Сенім статистикасы: құзырлы органдарға халық көзқарасы қандай?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Алматының орталық ауруханасында бір тәулік ішінде 60 адам коронавирус жұқтырды - Қазақстан жаңалықтары

Алматының орталық ауруханасында бір тәулік ішінде 60 адам коронавирус жұқтырды - Қазақстан жаңалықтары

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Алматының орталық ауруханасында бір тәулік ішінде 60 адам коронавирус жұқтырғанын мәлімдеді,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.  

"Өткен тәулікте 141 жаңа науқас тіркелген, бұл 8,2 пайызға өсім. Ең көп жағдай Алматыда - 82. Оның 78-і жоспарлы скрининг-тестіде анықталды, бұл ретте 60-ы орталық клиникалық аурухананың емделушілері мен медициналық қызметкерлері. Шымкентте скрининг бойынша 16 оқиға анықталды. Олар ТЖ қызметкерлері, емделушілер және карантиндегі байланыста болған адамдар", - деді Елжан Біртанов үкімет отырысында.

Ол 19 адам коронавирустан көз жұмып, 447 адамның сауыққанын еске салды.

"Бүгінде 1300 адам емделіп жатыр, олардың арасында балалар бар. 258 адам орташа ауырлықта, 32-нің жағдайы ауыр, қалғандары тұрақты жағдайда", - деді ол.


stan.kz
Автор
Айбар