Ант па, әлде бәс пе? Мемлекеттік қызметті құмар ойынға айырбастағандар
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Алматылықтар коронавирусы қай жерден жиі жұқтыратыны белгілі болды

Алматылықтар коронавирусы қай жерден жиі жұқтыратыны белгілі болды

Алматылықтардың көпшілігінде жұмыста және үйде коронавирус жұқтырылған. Бұл туралы қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн-брифинг барысында айтты.


Бас санитарлық дәрігер қаладағы эпидемиологиялық жағдайға кеңінен тоқталды. Ол Алматы тұрғындарының коронавирус көп жұқтыратын орындарын атады. Қазіргі таңда инфекция жұқтырғандармен тікелей байланыс онатқандар да тексеріліп жатқанын жеткізді ол.

"Коронавирус жұқтырғандар арасында талдау жасағанда 56% адам коронавирусты жұмыс жағдайында жұқтырғаны белгілі болды.  Бұл 6408 жағдайды құрайды. 20% адам, яғни 1948 жағдай үйде байланыс орнату арқылы жұқтырған. 13% адамның қай жерден жұқтырғаны белгісіз. Қазіргі таңда вирус жұқтырғандармен байланыста болған 48 мыңнан астамжақын адамдар мен 22 мыңнан астамы жұмыста байланысқа түскен адамдар тізімге алынды. Ал қазір 7 мың адамды үй карантині жағдайында қадағалап отырмыз", - деді Жандарбек Бекшин.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда коронавирус жұқтырғандардың 60%-ы жазылып кеткен болатын.

stan.kz

Автор
Айбар