Тоқаев келесі президент сайлауы қашан өтетінін айтты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Алматылық судья пара алды деген күдікке ілінді

Алматылық судья пара алды деген күдікке ілінді

Алматыда әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған соттың судьясы сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікке ілінді. Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұл ақпаратты растады, - деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі.


Бұған дейін желіде 22 қазанда Алматыда әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған соттың судьясы пара алып жатқан жерінен ұсталғаны туралы ақпарат пайда болған еді.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті редакцияның ресми сауалына берген жауабында судьяның пара алды және алаяқтық жасады деген күдікке ілінгенін хабарлады.

"Сұрауда көрсетілген адамға қатысты ҰҚК ҚР Қылмыстық кодексінің 366 ("Пара алу") және 190 ("Алаяқтық") баптары бойынша соталды тергеу жүргізіп жатқанын хабарлаймыз", - деп жауап берді ҰҚК.


Автор
Айбар