Ұлттық қордан балаларға биыл қанша доллар аударылады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Алматыдан үш көліктің соғысуымен жаға ұстатарлық жол апаты орын алды

Алматыдан үш көліктің соғысуымен жаға ұстатарлық жол апаты орын алды

Алматыда Сүйінбай мен Бекмаханов қиылысында бірнеше автокөліктің қатысуымен болған апат орын алды.

Volkswagen Golf көлігі Бекмаханов көшесімен батыс бағытқа жүрген, ZAZ Chance және Chevrolet Ravon көліктері оған қарсы бағытта қозғалған. Сүйінбай даңғылының қиылысындағы үш көлікке Hyundai Elantra көлігі жоғары жылдамдықпен соқтығысқан.

Куәгерлердің айтуынша, соққы қатты болғандықтан, көліктер жан-жаққа шашырап кеткен.

Chevrolet-ттегі жолаушыны тротуарға ұшып түскен. Алған жарақаттарынан әуежайға жеткізілген жігіт сол жерде қайтыс болды. Жүргізуші ауруханаға жатқызылды.

ZAZ Chance соққыдан кейін жанып кетті. Өрт өтіп бара жатқан жүргізушілердің көмегімен сөндірілді.

Hyundai автокөлігін тізгіндеген азамат жолдан арыққа ұшып кетті. Жолаушыны ауруханаға алып кетті, ал жүргізушіні сол жерге келген полицейлер ұстап алып, медициналық тексеруге алып кеткее. Куәгерлердің айтуынша, ол ішімдікке сылқия тойып алған, аяғынан әрең тұрды.

Жол полициясының қызметкерлері ЖКО-ның барлық мән-жайларын анықтауда.

Фото: Zakon.kz

Автор
Еркебұлан